20.02.2026
Бүгін мектеп кітапханашысы мен медициналық қызметкері 4 «Б» сынып оқушыларына «Оқушының дұрыс тамақтануы» тақырыбында сабақ өткізді. Іс-шара барысында оқушылар Гарвардтық тәрелке ережелерімен, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану қағидаларымен танысты. Көкөністер мен жемістердің, сүт өнімдері мен дәнді дақылдардың пайдасы туралы мағлұмат алды. Тамақтану тәртібін сақтау, таңғы астың оқу үлгерімі мен жалпы көңіл күйге тигізетін маңызына ерекше назар аударылды. Медициналық қызметкер дәрумендер және олардың иммунитетті нығайтудағы рөлі туралы түсіндірді. Сабақ танымдық әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, талқылауға қатысып, дұрыс тамақтану — денсаулықтың, сергектіктің және жақсы оқудың кепілі деген қорытындыға келді.