16.06.2026
Алғашқы күн «Ғажайыптар күні» атауымен өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Күн сергіту жаттығуынан басталып, балалар бойларына күш-қуат жинады. Одан кейін жас сиқыршылар сиқыр мен ғажайыптарға байланысты жұмбақтарды шешіп, тапқырлықтарын көрсетті. Қызықты фокустар балаларды таңғалдырып, барлығы өзін нағыз сиқыр әлемінде жүргендей сезінді. Таза ауада «Сиқыршылар» атты ойындар ұйымдастырылып, балалар бір-бірімен танысып, достық қарым-қатынас орнатты және ұйымшылдыққа үйренді. Сонымен қатар, балалар медицина қызметкерінің қабылдауында болып, бойы мен салмағы өлшенді. Шығармашылық шеберханада әр бала өз қолымен ерекше сиқырлы таяқша жасап, қиял әлеміне саяхат жасады. Күн барысында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Лагерьдің алғашқы күні қуанышқа, жаңа достыққа және ғажайыптарға толы болды. Алда жас сиқыршыларды бұдан да қызықты оқиғалар мен жаңа жетістіктер күтіп тұр!


