«Ақмола   облысы   білім       басқармасының Сандықтау  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Балкашин  аулының  №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 села  Балкашино   отдела  образования  по Сандыктаускому  району  управления   образования    Акмолинской   области»

Біз әлеуметтік желілерде

Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған сайттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас спортшылар» спорт алаңы ұлттық ойындарды ұлықтайды

04.08.2026

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту және бос уақытын мазмұнды өткізу мақсатында «Балкашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 3–7 тамыз аралығында «Жас спортшылар» мектеп жанындағы спорт алаңы өз жұмысын бастады.     Спорт алаңының жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүсіпов Амангелді Нұркелдіұлы.       Алғашқы күні қатысушылар қазақ халқының ұлттық ойындары – «Бес асық» пен «Асық ату» ойындарының шығу тарихымен, тәрбиелік мәнімен және ұлттық мәдениеттегі алатын орнымен танысты. Оқушылар ұлттық ойындардың ерекшеліктері, ережелері және олардың ептілік, мергендік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамытудағы маңызы туралы тың ақпарат алды.       Сабақ барысында жетекші ұлттық ойындардың тарихына кеңінен тоқталып, қызықты мәліметтермен бөлісті. Балалар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Ашық диалог пен танымдық әңгіме оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыра түсті.      Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасып, салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасы артады. Алдағы күндері спорт алаңында оқушылар ұлттық ойындардың қыр-сырын тәжірибе жүзінде меңгеріп, өзара сайыстарға қатысады.

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст