Мұғалімнің кәсіби жетістігіндегі маңызды белес
17.11.2026
Балқашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жигалик Ольга Александровнаға «педагог-шебер» санаты берілді. Бұл жетістіктің артында көп жылғы қажырлы еңбек, кәсіби өсу, үздіксіз ізденіс пен өз ісіне деген адалдық жатыр. Әсіресе, Ольга Александровнаның Сандықтау ауданындағы алғашқы «педагог-шебер» атанған ұстаз екенін ерекше атап өткен жөн. Әріптесімізді лайықты кәсіби жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл табыс тек жеке жеңісі ғана емес, сонымен қатар әріптестеріне шабыт беретін үлгі болсын. Сізді мақтан тұтамыз және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Просмотров: 12