Текст
21.05.2026
«Балкашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де адалдық, жауапкершілік және қоғамға құрмет құндылықтарына арналған «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар адалдықтың адам өміріндегі маңыздылығы туралы пікір алмасып, ел мен қоғамның дамуына үлес қосқан үлгілі азаматтар жайында мәлімет алды. Оқушылар белсенді түрде өз ойларын айтып, адалдық, еңбекқорлық және айналадағы адамдарға құрмет көрсету секілді қасиеттер адамның нағыз ел азаматы болып қалыптасуына негіз болатыны жөнінде қорытынды жасады. Осындай тәрбиелік шаралар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын, азаматтық жауапкершілігін және мәдениетті мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етеді.


