Текст
19.03.2026
9-сыныпта оқушылардың болашақ білім алу бағытын саналы түрде таңдауға бағытталған кәсіби бағдар беру әңгімесі өткізілді. Оқушылар мектепті аяқтағаннан кейін білімдерін жалғастыру мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды. Кездесу барысында оқушылар пайдалы интернет-ресурстармен таныстырылды: Қазақстандағы колледждер туралы мәлімет беретін Vipusknik.kz платформасы, сондай-ақ тегін кәсіби бағдарлау тестінен өтуге мүмкіндік беретін Enbek.kz сайты. Сонымен қатар, оқушылармен «Профиль» атты диагностикалық тест жүргізіліп, олардың бейімділіктерін, қызығушылықтарын және кәсіби бағыттарын анықтауға көмектесті.