Текст
19.03.2026
Наурызнама жоспары бойынша бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру мақсатында «Қалта ашу» дәстүрі көрсетілді. Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. «Қалта ашу» дәстүрі – балаларға қуаныш сыйлайтын, оларды сыйлыққа, жақсылыққа, жомарттыққа баулитын тәрбиелік мәні зор ғұрыптардың бірі. Іс-шара өте қызықты әрі тартымды өтті. Нәтижесінде балаларға жақсы көңіл күй сыйланып, ұлттық дәстүрге деген құрмет сезімі қалыптасты. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелейді.

