Текст
16.06.2026
Мектебімізде «Біз есірткіге қарсымыз» акциясы аясында «Закладчик» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылып, дәріс өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің адам ағзасына, психикалық денсаулыққа және қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндірілді. Көрсетілімнен кейін есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысудың құқықтық жауапкершілігі, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып бойынша белсенді пікір алмасты. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.