Білім беру мекемесіндегі кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушылардың саналы кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында, кәсіптер, кәсіптік жарамдылық, адамның кәсіби маңызды қасиеттері және кәсіби мансап саласындағы білімді насихаттау және тарату арқылы жүзеге асырылады, кәсіп әлемін жеке қабылдау негізінде құрылады. Бұл мәселені шешу үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістері қолданылады. 9-11 сыныптарда кәсіптік бағдар беру жеке және топтық консультациялар, мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, кәсіпорын мамандары, сондай-ақ бейін алдындағы даярлық шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіптік бағдар беру мақсатында біздің мектепке Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы көпсалалы колледж өкілдері келіп, оқушыларға мамандықтар туралы, олардың оқу орнына түсу шарттары туралы айтып берді.