Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап – маған ұнады,
Кітап - білім бұлағы.
Кітап - әр адамның адал және жақсы досы. Балалық шақты "Бауырсақ" және "Қызыл телпексіз"елестету қиын. Кітап адамды мейірімді етеді, өмірге, қоршаған әлемге және адамдарға дұрыс көзқарасты үйретеді. Сондықтан біз үлкендер балаларды кітаптарға ұқыпты қарауға үйретуіміз керек. Осы мақсатта біздің сыныпта "Кітапты емдейміз"игі істер күні өтті. Біз балаларға, кітаптың "денсаулығына" жауап беретінімізді түсіндірдік. Біз кітапты қорғауымыз керек, оның өмірін ұзартуға алаңдауымыз керек – парақтарды, мұқабаларды желімдеу, кітаптарға құрметпен және сүйіспеншілікпен қарау біздің міндетіміз. Біздің балалар үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен достарын "емдеуге" келді. Балалар жыртылған кітаптарды алып, оларды емдеу үшін "кітап ауруханасына" барды.