«Ақмола   облысы   білім       басқармасының Сандықтау  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Балкашин  аулының  №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 села  Балкашино   отдела  образования  по Сандыктаускому  району  управления   образования    Акмолинской   области»

Біз әлеуметтік желілерде

Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған сайттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық қарттар күні-өте маңызды мереке!

Халықаралық қарттар күні-өте маңызды мереке! Бұл сыйластық пен құрмет мерекесі, бұл аға буынға Отан игілігі үшін, өскелең ұрпақтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтуға мүмкіндік береді. Қарттар күніне орайластырылған іс-шаралар аясында Сандықтау аудандық өлкетану мұражайында "Көп жасаған қария, ақыл терең дария" атты дөңгелек үстел өтті, онда біздің мектептің 2 сынып оқушылары өлеңдер оқыды. Іс-шараға қатысушылар Н.А. Мурашиди, Ю.В. Юрин, В. Д. Новоселов өскелең ұрпаққа өз ризашылықтарын білдіріп, балаларға мейірімділік, денсаулық тіледі. Қарттарға қамқорлық жасау-әрқайсымыздың парызымыз, ол туралы ұмытуға болмайды. Өйткені, аға буын өкілдері-еліміздің алтын қоры, патриотизмді, іске деген адалдықты, ұлы шыдамдылықты, оптимизм мен даналықты үлгі тұтатын дәстүрді сақтаушылар. Сіздерге тағзым етеміз, ұзақ өмір сүріңіздер, сіздер бізге керексіңдер. Өйткені, сіз біздің тарихымыз, қуанышымыз бен жеңісіміз!

Жаңартылған күні: 07.10.2021 22:04
Құрылған күні: 07.10.2021 22:04

Текст