Текст
Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абайдың айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың "Қыс" өлеңін негізге ала отырып 2-4 сынып оқушыларының арасында "Қыс келбеті" атты мектепішілік іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шара үш бағыт бойынша жүргізілді: "Мәнерлеп оқу", "Сауатты балақай", "Сурет салу". Әр бағыт өз жеңімпаздарын анықтады.