Текст
Қыс-бұл жылдың сиқырлы және ертегі мезгілі ғана емес, сонымен бірге біздің қауырсынды достарымыз сыналатын кезең, қыстың аязында көптеген құстар өледі. Суық, қар астында тамақ жоқ және адамдардың көмегі қажет. Құстарды тамақтандыру-адамгершілікті көрсетудің және мейірімді болудың қарапайым және жағымды тәсілі. Мектепте "Қыста құстарды тамақтандырыңыз!", атты акция 1-4 сынып оқушылары арасында өткізілді . Олар қазылар алқасына өздерінің керемет жұмыстарын - құстардың тамақтандыру тәсілдерін ұсынды. Біз барлығымызды ата - бабаларымыздың керемет дәстүрін қолдауға шақырамыз-қыста құстарға көмектесу үшін үйдің жанына құс тамағын іліп қойыңыз!