Текст
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша "Шәкәрімнің өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбында онлайн-сабақ өткізілді. Онлайн-дәріс барысында оқушылар ақынның адами құндылықтар: парасаттылық,абырой, ар-ождан туралы философиялық көзқарастарымен танысты.Белгілі жазушы Шәкәрім Құдайбердиев адам үшін басты ғылым-ар-ождан ғылымы екеніне сенімді болған. Ұлы ойшылдың пікірінше, адамның мәні мен адамгершілік жетілуі мынадай: "Адамның қарапайымдылығын, әділдігін, мейірімділігі мен олардың бірлігінде бір сөзбен - "Ар_ождан" - намыс деп атаймын..."Әрбір бала адамгершілік қасиеттер,әсіресе адалдық пен ар-ождан жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады деген оймен өсуі керек.