Текст
2024.10.29 IQanat олимпиадасына қатысушыларға мектебіміздің есігі айқара ашылды – ауданымыздың түкпір-түкпірінен 8-сынып оқушылары өз білімдерін сынауға келді. Тіркелу мен салтанатты ашылудан кейін шешуші сәт басталды: 90 минут ішінде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындау қажет болды. Кейінірек балалар алған әсерлерімен бөлісіп, тапсырмалардың оңай болмағанын және барынша жинақылық пен логикалық ойлауды қажет ететінін атап өтті. Балаларға олимпиаданың келесі кезеңіне сәтті өтуіне тілектеспіз, бұл тәжірибе олардың армандарын жүзеге асырудағы алғашқы қадамы болсын!