Текст
18.11.2024
15 қарашада Қазақстан Ұлттық валюта күнін атап өтіледі. 1993 жылы 12 қарашада Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. 1-11 сынып жетекшілері «Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді, онда балалар Қазақстанның ұлттық валютасының шығу тарихымен танысты. Ұлттық теңге – егемендігіміздің айшықты белгісі, төл теңгеміз, ұлттық валютамыз, ұлттық ақша бірлігіміз, ұлттық мақтанышымыз, заңды төлем құралы, қазынасы, ел дамуының қайнар көзі, ұлттық табыстың кепілі, тәуелсіздікті қамтамасыз ететін, ұлттық құндылық.








