Текст
«Жасыл клуб» экологиялық үйірмесінде «Айналамыздағы әлем» танымдық викториналық ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты: табиғат туралы білімдерін байыту және кеңейту, экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәселелерге назар аудару; өзіндік шешімдерге шығармашылық ізденуге, жылдам әрекет етуге, зеректікке қызығушылықты дамыту, ойлауын, логикасын, зейінін дамыту; ұжымдық бірлікте жұмыс істеу. Шара барысында балалар таңғажайып табиғат әлеміне қызықты саяхат жасады. Олар адам мен қоршаған ортаның байланысын анықтау туралы айтып, адамның кінәсінен туындаған экологиялық мәселелермен танысып, өсімдіктер, жануарлар, құстар, жәндіктер, экологиялық жағдайлар тақырыптары бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді. Балалар командалық ойындарға белсене қатысып, өздерін табиғаттың нағыз білгірі ретінде көрсетті. Шара барысында олар орман жұмбақтарын ойлап, экологиялық викториналық сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді, белгілі табиғат зерттеушілерінің шығармаларын еске түсірді. Барлығына іс-шара өте ұнады.