Текст
Бүгін Сандықтау ауданының полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары подполковник Нұрмағамбетов Марат Жұмабекұлы 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Ол балаларға Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясына түсу ережелері туралы айтып берді.Қарағандыда орналасқан бұл жоғары оқу орны "Құқық қорғау қызметі"мамандығы бойынша жоғары заң және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаумен айналысады.Мүмкін, бұл кездесу жігіттердің бірін ойлануға және болашақта полиция мамандығын таңдауға мәжбүр етеді.