Текст
Бүгін Балкашино а. №2 ЖББОМ кітапханашысы 3 сынып оқушыларымен «Құстар туралы не білеміз?» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында қыстайтын құстар, оларға қыста қалай көмектесу керектігі туралы әңгімеледі, жұмбақтар шешті, «Құстар келді» ойынын ойнады. Іс-шара «Ойлан тап» ойынымен аяқталды: кітапханашы құстардың атын атады, ал балалар бұл қоныс аударатын құс па, әлде қыстайтын құс па деп жауап берді.