Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу шаралары туралы оқушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мектебімізде медицина қызметкерімен тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында балалар жеке жеке гигиенасын сақтаудың, дұрыс тамақтанудың, аурулардың алдын алу үшін иммунитетті нығайтудың маңыздылығы туралы білді. Вирустық маусымдағы мінез-құлық ережелеріне ерекше назар аударылды: бетперде кию, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу және дереу медициналық көмекке жүгіну. Сонымен қатар, оқушылар екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде медицина қызметкері дайындаған тақырыптық диктант жазуға қатысты. Бұл алған білімімізді бекітіп қана қоймай, тіл байлығымызды дамытуға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының денсаулығына жауапкершілікті дамытуға және олардың өмір бойы маңызды болатын салауатты әдеттерге тәрбиелеуге көмектеседі.