Текст
Балкашино ауылы тарихи-өлкетану мұражайында «Бауыржан Момышұлының мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шақырылғандар қатарында мектебіміздің оқушылары да болды. Балалар атақты жерлесінің өмірінен, оның туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Шара соңында мұражай меңгерушісі М.С.Көпобаев балаларға танымдық экскурсия жүргізді.