«Ақмола   облысы   білім       басқармасының Сандықтау  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Балкашин  аулының  №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 села  Балкашино   отдела  образования  по Сандыктаускому  району  управления   образования    Акмолинской   области»

Біз әлеуметтік желілерде

Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған сайттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

11.02.2025

1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы басталды. Кеңес әскерлері 1979 жылдың 25 желтоқсанынан бастап осы елдің аумағында болды және Ауғанстан Демократиялық Республикасы үкіметі жағында әрекет етті. Қарапайым кеңес жігіттері 9 жыл 51 күн бойы интернационалдық борышын өтеген Ауған жерінен соңғы кеңес жауынгері аттанған сол бір есте қаларлық күннен бізді тура 36 жыл бөліп тұр. Бізден шалғай елдегі бұл соғыс талай қандастарымызды, олардың отбасыларын, туған-туыстарын, достары мен жолдастарын зардап шекті. Бұл күн тек Ауғанстанда соғысқандарды ғана емес, алыс және жақын шетелдердегі әскери қақтығыстарды шешуге қатысқан барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні болды.    Сол баяғы оқиғаларға арналған сынып сағаттарын 5-11 сынып жетекшілері өткізді. Олар жауынгерлік борышын абыроймен атқарғандардың барлығына арналған тұсаукесер мен әсерлі өлеңдермен сүйемелденді.

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст