Текст
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контексінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша "100 нақты қадам" бағдарламасын іске асыру мақсатында біздің мектепте "Адал Ұрпақ"ерікті мектеп клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты-азаматтыққа, патриотизмге, адам құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу. "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" - осы атаумен аудандық бейнероликтер байқауы өтті. Біздің мектептің оқушылары, "Адал Ұрпақ" клубының қатысушылары байқауға белсенді қатысты. Балаларды жүлделі орынмен құттықтап, сәттілік тілеймін.