2025 жылдың 21 қазаны – Ақмола облысында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектепті үндестірудің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел отырысы өтті. Семинар аясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары О.Г.Покамина баяндама жасады. «Жалпы білім беру көпірі: балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы ынтымақтастық» тақырыбымен. Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті, білім беру мекемелерінің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ семинарға «Мирас» балабақшасының тәрбиешісі С.А.Цуцурина қатысып, баланың жеке даму картасы мектепке сәтті көшуге ықпал ететін құрал ретінде айтып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру бағдарламаларын синхрондау және балабақшалар мен бастауыш мектептер арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын талқылады, бұл балалардың мектеп өміріне бейімделу процесін жеңілдететіні сөзсіз.