Әкелер кеңесінің жұмысы аясында мектебімізде ата-аналар мен оқушылар арасында волейболдан жолдастық жарыс өтті. Ата-аналардан, қыздардан, ұлдардан құралған команда болды. Ойындар волейболдың ресми ережелері бойынша өтті, сондықтан жігіттер жарысқа үлкен жауапкершілікпен қарады. Ойындар барысында спортшылар ойын ережелерін жақсы меңгергендігін және техникалық үзіліс немесе ауыстыруды жасау үшін өз бетінше шешім қабылдау қабілетін көрсетті. Жігіттер өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті: бір-біріне қолдау көрсету, көмектесу, ұжымдық шешім қабылдау. Сайыс жақсы эмоционалды деңгейде өтті. Мұнда жеңістің бақыты да, жеңілістің ащысы да көрінетін.
Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді.
1 орын – қыздар командасы
2 орын – ұлдар командасы
3 орын – ата-аналар командасы.
Ата-аналарға мектеп өміріне белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз