Бүгін 5 мамыр күні Сандықтау аудандық өлкетану мұражайында Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған "Соғыс жолдарымен" тарихи сағат өтті. Аталған іс-шараға "Балкашино ауылының №2 ЖББМ"КММ 11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында ауданымыздың өмірінен үзінді көрсетілді, атап айтқанда 2002 жылы ҰОС ардагерлерімен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Біздің ардагерлерімізді видеода сергек, күш-қуатқа толы көру өте әсерлі болды және қазір олар бізбен бірге емес екенін түсіну қаншалықты өкінішті. Біздің ауданда ҰОС ардагерлері тірі қалған жоқ, бірақ біз оларды есімізде сақтаймыз және мақтан тұтамыз. Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы Г. Е. Қадырова Ұлы Отан соғысының ардагері туралы естеліктерімен бөлісіп, түлектерімізге сөз сөйледі. Мұражай жетекшісі Меңдібай Сайлаубайұлы іс-шараға қатысушыларға ауданымыздың ардагерлері туралы айтып берді. Ол біздің жас ұрпақтың оларды ұмытпауын тіледі, өйткені әр отбасында Ұлы Отан соғысына қатысқан жақын адамдар бар және Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс үшін күш пен денсаулықты аямай жұмыс істеген тыл еңбеккерлері туралы ұмытпау керек. "Балкашино ауылының №2 ЖББМ" КММ 11 сынып оқушылары аталған іс-шараны ұйымдастырушы Сандықтау ауданының тарихи-өлкетану мұражайының басшысы М. С. Копобаевқа алғыс білдіреді.