«Бояулар купиясы» жас суретшілер байқауы

27.04.2025

Бүгін Балкашино кентіндегі балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Бояулар купиясы» атты республикалық жас суретшілер байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл шығармашылық байқауға ауданымыздың түкпір-түкпірінен талантты өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті!     Бұл сайыста біздің мектеп оқушылары Кристина Платонова мен Аружан Қартбаева құрметті 3 орынды иеленді. Олардың туындылары өзіндік ерекшелігі мен көркемдік шеберлігі үшін қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Біз Кристина мен Аружанды осы тамаша жетістігімен құттықтап, шығармашылық ізденістеріне одан әрі табыс тілейміз!

Просмотров: 479


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст