Текст
2-сынып оқушыларымен «Біз бір халықпыз – бір елміз» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Шара барысында кітапханашы бізге елімізде көптеген ұлт өкілдері тұратынын және әрқайсысының салт-дәстүрі, киім-кешектері, тағамдары бар екенін, әр адамды достық біріктіретінін айтты. Ойын бағдарламасының бірінші тапсырмасы «Достық ағашын» безендіру болды. Әр оқушы өз есімін қағазға жазып, ағашқа жапсырады. Келесі тапсырмада балалар «Менің Қазақстаным» атты сөзжұмбақ ойлап тапты. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берілді. Соңғы тапсырма Қазақстан туының пазлын құрастыру болды. Шара бір-біріне жақсы тілектер айтумен аяқталды.