5-6 мамырда Көкшетау қаласында JasSkills Aqmola2025 чемпионаты өтті. Сандытау ауданынан Балкашино ауылындағы No2 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларынан құралған команда қатысты. Биология пәнінің мұғалімі Покамина О.Г. жетекшілігімен «Өсімдік биотехнологиясы» бағыты бойынша Есина Татьяна, информатика пәнінің мұғалімі Халиков Т.Г. жетекшілігімен Онищенко Елизавета «Графикалық дизайн» бағыты бойынша сайысқа түсті. Қыздар сынақтар мен тапсырмаларды орындауда жеңіске деген жігер мен табандылық танытып, өз аймағын абыроймен көрсетті. Өкінішке орай, олар жүлделі орынға жетпей қалып, төртінші орынға ие болды. Осыған қарамастан қатысушылар сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Команда жетекшілері чемпионат сарапшысы ретіндегі еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды.