Және тағы да біздің жеңістеріміз!

10.05.2025

«Жастар» аудандық спартакиадасының Ұлттық мектеп лигасы аясында 2025 жылдың 8 мамырында Балкашино ауылындағы «Урожай» стадионында Сандытау ауданының оқушылары арасында жеңіл атлетикадан аудандық жарыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміз жалпы командалық есепте 2 орынға ие болды. Құрамында 5 ұл және 5 қыздан тұратын команда әртүрлі қашықтықта өз өнерлерін көрсете білді:

100 метр: Александр Фролов 3 орын, Оксана Донцова 5 орын.

200 метр: Максим Нелднер 1 орын, Дарья Сташкевич 1 орын.

400 метр: Игорь Волосевич 2 орын, Жаркова Маргарита 5 орын.

800 метр: Ельцов Максим 1 орын, Волкова Полина.

1500 метр: Анастасия Кубрина 3 орын.

3000 метр: Данил Егоров 3 орын.

Жүгіру арқылы ұзындыққа секіру: Волосевич Игорь 4 орын, Кубрина Анастасия 2 орын.

Біз барлық спортшыларды табысты өнерлерімен құттықтаймыз және жаттықтырушылар Покамин Н.А. мен Тамбовцев Д.Ю. дайындықтары үшін алғыс білдіреміз! Біз сендермен мақтанамыз және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!

Просмотров: 482


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст