Текст
Мектепте стресске төзімділікті, өзіне деген сенімділікті және емтихандарды сәтті тапсыру мотивациясын дамытуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. 9-11 сынып оқушылары үшін «Емтихандарды сәтті тапсырудағы отбасының рөлі. Балаға қалай зиян келтірмеу керек» атты ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналарға «Емтихан кезінде баланы қалай қолдау керек» атты жадынамалар дайындалды. Психологиялық кеңес білім беру процесінің барлық қатысушыларына сұраныс бойынша оқушылармен жеке және топтық әңгімелесу түрінде көрсетіледі.