Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру

21.05.2025

АППҚ жұмысы аясында 10–11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында іс-шара өтті. Жиын жылы әрі сындарлы атмосферада өтті. Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер кездесуі мүмкін қазіргі заманғы қауіптер туралы ата-аналардың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ оқушылардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруда бірлескен тәсілдерді әзірлеу болды. Жиын барысында келесі маңызды тақырыптар талқыланды:

            •           қоғамдық орындарда және Интернет желісінде өзін ұстау ережелері;

            •           қауіпті жағдайларды танып, олардан аулақ болу дағдылары;

            •           зиянды әдеттер мен антиәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу;

            •           отбасындағы сенімді қарым-қатынастың және құрдастармен дұрыс қарым-қатынастың маңыздылығы.

           Жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығы, өзін-өзі реттеу дағдылары және күйзеліс жағдайында дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын белсенді пікір алмасумен және талқылаумен аяқталды.

Просмотров: 607


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст