Біздің оқу орнымызда Сандықтау ауданы полиция бөлімінің УИП ОМПС өкілі, полиция подполковнигі Рахимов Асылхан Сейітепұлының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында бітіруші түлектермен “Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік” тақырыбында әңгіме жүргізілді. Полиция подполковнигі Рахимов жылы мезгілде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін атап өтіп, оқушыларға құқық бұзушылықтарға қатысты әкімшілік баптарды еске салды. Сондай-ақ, ол түлектерді өз құқықтары мен міндеттерімен таныстырып, бұл мәліметтер олардың құқықтық сауаттылықты қажет ететін жағдайларда көмегін тигізетінін жеткізді. Кездесу достық ахуалда өтті, оқушылар көптеген сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Біз түлектеріміздің алған білімдері болашақта жауапты әрі мұқият болуға септігін тигізеді деп сенеміз.