Текст
Жаз – бұл тек демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар балалар үшін жаңа көкжиектерді ашуға, жаңа достар табуға, қызығушылықтарын дамытуға және жаңа нәрселерді үйренуге тамаша мүмкіндік. Биыл мектеп жанындағы «Айгөлек» лагері балалар үшін есігін ашып, жазғы демалысқа ерекше тақырып ұсынды – «Теңіз саяхаты». Лагерьдің ашылуы жарқын әрі есте қаларлықтай өтті. «Теңіз саяхаты» – бұл жай ғана атау емес. Лагерьдің бүкіл аумағы теңіз стилінде безендірілді. Балаларға шытырман оқиғалар, таным мен шығармашылық әлеміне саяхатты бейнелейтін «теңіз картасы» табысталды. Лагерь бірнеше топқа бөлініп, әр топ өздерінің «кеме командасына» айналды. Балаларға нағыз капитан мен теңізші болу үшін әртүрлі тапсырмаларды орындау қажет болды.