Бүгін біздің мектептің оқушылары Жабай өзенінің жағалауын тазарту бойынша өткен экологиялық акцияға белсенді қатысты. Іс-шара Халықаралық эколог күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Таза жағалау» эко-марафоны аясында өтті. Акцияға 9-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар демалушылардан кейін қалған пластик бөтелкелерді, пакеттерді, шыныларды және басқа да тұрмыстық қалдықтарды жинап, жағалауды тазартты. Бірнеше сағат ішінде бірігіп көп мөлшерде қоқыс жиналды.
Сонымен қатар, акцияға қатысушылар су айдындарының ластануының зияны және табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.
Біз оқушыларымыздың бейжай қарамай, жауапкершілік танытып, туған өлкеміздің тазалығын сақтауға қосқан үлесі үшін мақтанамыз!
Іс-шараның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.