2025 жылғы 5 маусымда мектебімізде студенттер мен оқушыларға арналған қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналды. Қатысушылар санитарлық-гигиеналық және радиологиялық зертханамен, сондай-ақ бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулерге арналған бөлімдермен танысты. Экскурсияны санитарлық-гигиеналық зерттеулер бойынша маман Есина И.В. жоғары кәсіби деңгейде жүргізді. Барлық қатысушылар қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық пен қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы, сондай-ақ экология мен медицина саласындағы ғылыми зерттеу әдістері жайында көп мағлұмат алды.
Бұл шараға қатысқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз және болашақта қызықты мамандармен тағы да кездесеміз деп үміттенеміз!