Текст
26 мамыр мен 5 маусым аралығында мектебімізде негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтарды толықтыруға мүмкіндік беретін Жазғы мектеп ұйымдастырылды. ЖАЗҒЫ МЕКТЕП бағдарламасы оқу жылы барысында бір “4” немесе “3” бағасы болған оқушыларға арналды. Әр оқушы күрделі тақырыптарды түсінуге көмектесетін білікті мұғалімдерден қолдау алды.
Жазғы мектепке қатысу оқушыларға келесі мүмкіндіктер берді:
• Білімдегі олқылықтарды жою.
• Жаңа оқу жылы алдында өз күшіне сенімділікті арттыру.
• Болашақта оқу үшін қажет болатын қосымша білім мен дағдылар алу.