Бүгін “Айгөлек” лагерінде жаңа жазғы ауысым басталды!

17.06.2025

Таңертең балаларды көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған сергіту сәті қарсы алды. Сергіту жаттығуынан кейін сыныпта «Ертегі еліндегі қауіптер» атты нұсқаулық өткізілді. Балалар лагерьдегі қауіпсіздік ережелері мен тәртіп сақтау жайлы мағлұматтарын еске түсірді.       📸 Күннің басты оқиғасы — қызықты «Фотоаңшылық» болды. Балаларға нысандар тізімі беріліп, олармен креативті фотосуреттер жасау тапсырылды. Балалар ынтамен жұмыс істеп, қызықты сюжеттер ойлап тауып, ұжымдасып әрекет етті. Ең ерекше фото жеңімпаз атанды!       🎲 Күн соңында танысу және бірлікті арттыруға арналған көңілді ойындар өткізілді. Бірінші күн белсенді, ұйымшыл әрі жарқын өтті!

«Айгөлек» лагері — ұмытылмас жазғы естеліктер мекені!

Просмотров: 476


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст