“Айгөлек” жазғы лагерінің 2-ауысымының жабылуы

29.06.2025

Бүгін “Айгөлек” лагерінде 2-ауысымның жарқын және есте қаларлықтай жабылуы өтті.   Таңертең әдеттегідей сергек те көңілді таңғы жаттығумен басталды, бұл балаларға бүкіл күнге күш-қуат берді.      Содан кейін балалар шығармашылық іс-шараға қатысты – табиғи материалдардан “аквариум” жасады: жапырақтар, тастар және басқа да табиғат сыйлықтарын пайдаланды. Нәтижесінде өте әдемі және жазға сай қолөнер бұйымы шықты.

Одан кейін балалар станциялар бойынша қызықты квестке қатысты:

1-станция – асфальтқа бормен сурет салу. Балалар қиялдарын іске қосып, алаңды түрлі-түсті суреттермен көркейтті.

2-станция – қолда бар материалдардан үйшік жасау. Топтар тапқырлықтарын көрсетіп, бірлескен жұмысқа белсене қатысты.

3-станция – танымдық викторина, онда қатысушылар өз білімдері мен зейінділіктерін көрсетті.

Күн соңында марапаттау рәсімі өтті: әр қатысушы белсенділігі, шығармашылығы және көтеріңкі көңіл-күйі үшін грамота, тәтті сыйлық және шағын тарту алды.

Ауысым қуанышты көңіл-күймен аяқталды – күлкімен, құшақтасумен және мынадай жылы лебіздермен: «Айгөлек, келесі кездескенше!»

Просмотров: 597


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст