Текст
Бүгін «Қиялшылдар мен шеберлер» үйірмесінің сабағында балалар жапонның ерекше оригами өнеріне терең үңілді. Біз желім мен қайшысыз, жай ғана қағаз парағынан қоян мүсінін бүктеуді үйрендік. Алдымен балалар нұсқаулыққа мұқият қарап, қадам бойынша орындады, кейін өз қиялдарын қосып, әркім өз қоянын жасай бастады. Жұмыс барысында балалар тек қол шеберлігі мен зейінділікті ғана емес, сонымен қатар төзімділікке, ұқыптылыққа және бастаған істі соңына дейін жеткізуге үйренді. Әрбір үйірме қатысушысы өз қолымен жасаған қоянын мақтанышпен көрсетті!