Бүгін КММ «Балкашино ауылы №2 жалпы білім беретін мектебінде» «Экос» экологиялық үйірмесі өз жұмысын бастады. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Табиғатқа экскурсия. Экологиялық десант». Сабақ басында оқушылар табиғаттағы тәртіп ережелерін еске түсірді, содан кейін «Экологиялық десант» акциясы өткізілді. Мектеп аумағы секторларға бөлініп, оқушылар арасында үлестірілді. Таңертеңнен-ақ жұмыс қызу басталып кетті. Сыпырғыш, кетпен, тырма және күрекпен қаруланған балалар аумақтағы бейберекет жағдаймен белсенді күреске кірісті. Барлығы да мектеп ауласын және оған жақын аумақты қуана-қуана ретке келтірді. Оқушылар мектеп ауласын және спорт алаңын жарқыратып тазалау үшін бар күш-жігерін салды. Олар қоқыс жинап, құрғақ жапырақтар мен шөптерді сыпырды, қураған бұталарды кесті. Барлығы да өздеріне және істеген жұмыстарына риза болды.