Конституция күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында 1-сыныпта тақырыптық іс-шаралар өтті.

21.08.2025

Сынып жетекшісі оқушыларға Конституция ұғымын, оның әрбір азаматтың өміріндегі маңызын және мемлекеттің дамуына қосатын үлесін қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндірді. Балалар Конституция – бұл елдің басты заңы, ол барлық адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ететінін білді.       Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушылар шығармашылық жұмысқа қатысты – Отанға арналған суреттер салды. Өз туындыларында олар мемлекеттік рәміздерді, туған табиғатты, бақытты әрі тату адамдарды бейнеледі.       Сабақ қорытындысында оқушылардың суреттерінен көрме ұйымдастырылып, ол сынып бұрышының сәнін келтірді.       

Мұндай іс-шаралар бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімін, елге деген мақтаныш пен оның рәміздері мен заңдарына құрметті қалыптастыруға көмектеседі.

Просмотров: 688


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст