Бүгін «Балкашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде» «Экос» экологиялық үйірмесінде «Орман – біздің өмірімізде. Орман түрлері және олардың маңызы. Адамның әлемдік орман ресурстарына ықпалы. Орманның қоршаған ортаға әсері» тақырыбында сабақ өтті. Біздің ормандарымыз қорғауды және қалпына келтіруді қажет етеді. Ормандар заңсыз кесу мен өрттен қатты зардап шегуде, жыл сайын мыңдаған гектар жер жойылады. Ормандардың жойылу проблемасы жер шарының әрбір бұрышында өткір тұр. Өнеркәсіптің дамуына, жиһазға, қағазға, үйлерге сұраныстың артуына байланысты тек жекелеген ағаш түрлері ғана емес, бұрынғы әсем жасыл алқаптар да шексіз шөлге айналуда. Балалармен «Неліктен орман өрттері болады?», «Қорғаудағы өсімдіктер», «Орман байлығын аялау» тақырыптарында әңгіме, нұсқаулықтар өткізілді. Іс-шара ойын-саяхат түрінде ұйымдастырылып, балаларға «Сипаттама бойынша ағашты тап», «Орман жұмбақтары», «Ормандағы мінез-құлық ережелері» сияқты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Балалар көптеген жаңа және қызықты мәліметтер алып, табиғатты қорғау және оған ұқыпты қарау керектігін түсінді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – орман экожүйелерінің маңызы, олардың шынайы жағдайы, қорғау шаралары, қайта өндіру мен қалпына келтіру туралы жас кезден бастап хабардар ету.
«Орманды қорғаңдар! Орман – біздің байлығымыз!»