Мектеп қабырғасында бүгін Балкашино ауылдық тарихи-өлкетану музейінің директоры Копобаев М.С.-пен кездесу өтті. Іс-шараға қатысушылар – оқушылар, олармен діни ағымдар және Қазақстан Республикасындағы білім берудің зайырлы сипаты туралы танымдық әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында оқушылар діни ағымдардың ұғымымен танысып, Қазақстан аумағында таралған негізгі діндер жайлы білді, сондай-ақ көпұлтты және көпконфессиялы қоғам жағдайында конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің маңызын талқылады. Оқушыларға мектептер мен басқа да мемлекеттік оқу орындары – зайырлы мекемелер екендігі, сондықтан оларда діни сипаттағы киімдерді, соның ішінде діни бас киімдер мен арнайы формаларды киюге болмайтындығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік актілері мен мектеп жарғысына сәйкес түсіндірілді. Оқушылар белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
Талқылау нәтижесінде олар ішкі тәртіп ережелерін сақтау мен түрлі көзқарастарға құрметпен қараудың, сонымен бірге білім беру мекемесінің зайырлы мәртебесін сақтаудың маңыздылығын түсінді