«Жеңімпаздарды құттықтаймыз: Степногорск қаласында өткен Президенттік олимпиададағы мектеп оқушыларының жетістігі»

08.10.2025

2025 жылғы 5-7 қазан аралығында Степногорск қаласында «Болашақ» мектеп-лицейі базасында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Сандықтау ауданынан қатысқан команда құрамында келесі оқушылар болды: Балкашино ауылының №2 орта мектебінің оқушысы – Есина Татьяна, Новоникольское ауылының орта мектебінің оқушысы – Маратбекова Камила, Весёлое ауылының орта мектебінің оқушысы – Бегалинова Дильназ, Мадениет ауылының орта мектебінің оқушысы – Абраамян Софик.  Олимпиада қорытындысы бойынша Весёлое ауылының орта мектебінің оқушысы Бегалинова Дильназ III орынды иеленді!

Балкашино ауылының №2 орта мектебінің оқушысы Есина Татьянаның нәтижесі мақтау қағазымен атап өтілді.

Шын жүректен құттықтаймыз!   Барлық қатысушыларға алдағы уақытта да интеллектуалдық, шығармашылық және кәсіби жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Просмотров: 608


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст