Текст
Рухани келісім сағаты: маңызды күн қарсаңындағы толеранттылық сабағы.
«Рухани келісім күні» қарсаңында №2 орта мектептің кітапханашысы 9 «А» сынып оқушыларымен бірге «Толеранттылық – бейбітшілікке бастар жол» атты рухани келісім сағатын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар осы күннің тарихымен танысып, қазіргі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңызын талқылады. Оқушылар «Болады – болмайды» ойынына қатысып, толерантты және толерантты емес әрекеттерді ажыратуға үйренді.
Соңында кітапханашы рухани келісім әр адамның өзінен – ізгі істерден, сыйластықтан және таза ниеттен басталатынын атап өтті.