23.11.2025
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында «Поэзия менің жүрегімде» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 5–9 сыныптардан 14 оқушы қатысып, өздерінің таланты мен сөз өнеріне деген қызығушылығын паш етті.Оқушылар жүректен шыққан жыр шумақтарын көркем жеткізіп, поэзияның құдіретін сезіндіре білді. Әр қатысушының дайындығы мен орындау шеберлігі жоғары деңгейде болды.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
III орын: – 7 б сынып оқушысы Рахимова Раяна;
– 6 а сынып оқушысы Сиволовский Кирилл;
– 5 б сынып оқушысы Коппель Виктория;
– 5 а сынып оқушысы Сапрыкина Ксения;
II орын: – 5 а сынып оқушысы Саберлинова Сабина:
– 6 а сынып оқушысы Жалкен Фатима.
I орын: – 8 а сынып оқушысы Умарова Милана.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, талапты оқушыларымызға шығармашылық шабыт, келешекте үлкен жетістіктер тілейміз!
Поэзияға деген сүйіспеншілігі артып, талай биік белестерді бағындыра берсін!

