26.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі ұйымдастырған дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекелік іс-шараға мектебімізден 8 оқушы шақырылды. Аудан әкімі С.Қ. Құдабай кішкентай қатысушылар мен олардың ата-аналарына жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілектерін арнады. Балалар шыршаны айнала қол ұстасып би билеп қана қоймай, сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен өткен көңілді ойындар мен жарқын, қызықты жаңа жылдық ертегіні тамашалады. Әрбір балаға ақшалай сертификаттар, ойыншықтар және тәттілер салынған жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында балалар мерекелік, дәмді әрі тойымды түскі асқа барып, жемістер мен тәттілерден дәм татты.
Біз, №2 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ата-аналары, аудан басшысына және ұйымдастырушыларға балаларымызға сыйлаған қуаныштары, тарту етілген сыйлықтары, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсерлері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

