«Ақмола   облысы   білім       басқармасының Сандықтау  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Балкашин  аулының  №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 села  Балкашино   отдела  образования  по Сандыктаускому  району  управления   образования    Акмолинской   области»

Біз әлеуметтік желілерде

Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған сайттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін 9-сынып оқушыларына арналған физика пәні бойынша аудандық консультация өтті. Ол ББЖМ мен PISA-ға дайындыққа арналды.

23.01.2026

Кездесу барысында оқушылар ББЖМ тапсырмаларында және функционалдық сауаттылыққа бағытталған PISA форматындағы тапсырмаларда жиі кездесетін физика курсының негізгі тақырыптарын қарастырды. Білімді практикада қолдану дағдыларына ерекше назар аударылды: физикалық құбылыстарды талдау, графиктер мен кестелермен жұмыс жасау, үдерістерді түсіндіру, өмірлік жағдаяттар негізінде қорытынды шығару.   

Консультация жандı диалог форматында өтті: оқушылар сұрақтар қойып, физика пәнінің мұғалімі Халиков Т.Г.-мен бірге типтік қателерді талдап, күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындады. Мұндай формат теорияны бекітуге ғана емес, алдағы бағалау рәсімдері алдында өз күшіне сенімділікті арттыруға да мүмкіндік береді.

 

Просмотров: 94


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст